Тайландқа демалуға барған Қазақстан азаматы қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Тайландқа барған Қазақстан азаматы демалыстың бірінші күні қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Пхукетте 3 шілде күні болған. 57 жастағы Евгений Сапогов қонақ үйге орналасқаннан кейін Карон жағалауына барды.
Сол жерде суға батып кетті. Сыртқы істер министрлігі Тайланқа демалуға барған қазақстандық туристің қайтыс болғанын растады. Бірақ оқиғаның мән-жайын жариялаған жоқ.