АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Салтанатты сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, деді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.
Іс-шара жексенбіге сәйкес келгенімен, оған 4 миллионға жуық мектеп оқушысы барады. Бірінші сыныпқа қабылданатын 360 мың оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылады.
Өткен жылдары ешкім сап түзеу шарасының уақытын өзгертпеді, қазір де бұған негіз жоқ, деді министр Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін ведомство мектеп оқушылары қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Ол үшін мектептердің 87%-ы дабыл түймесімен қамтамасыз етілсе, 62%-ы турникетпен жабдықталды, білім беру мекемелерінің 72%-ы лицензиясы бар күзет органдарымен келісімшартқа отырған.
Ал қанша оқушының тегін тамақпен қамтылғаны жайлы мына жерден оқыңыз.