Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты. Есеп: 3-1.
Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.
Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.