АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Тимур Құлыбаевтың компаниясына 13,6 миллиард теңге (28,8 миллион доллар) айыппұл салынды.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше "Каспий нефть "АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметі салдарынан жиналған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағанын анықтады.
"Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық соты сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен "Каспий нефть" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды.