Солтүстікте жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы

Елдің басым бөлігі циклонның ықпалында болады
Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Алдағы үш күнде ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, деп болжайды синоптиктер.
6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, 7-8 тамызда республиканың солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жалпы Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Республиканың оңтүстігінде күндіз +38 +45°C өте қатты ыстық күтілуде, қалған аумақта температураның күрт өзгеруі күтілмейді.