"Құқық қорғау органының басшысымын": Алматыда жалған қызметкер ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Алматыда құқық қорғау саласының жалған қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Алматы қалалық прокуратурасы.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Бөлекбаев есімді адам ұсталды.
"Халықаралық іздеу жарияланған күдікті өзін арнаулы және құқық қорғау органдарының басшысымын деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Сыйақыға олардың мәселелерін шешуге уәде берген", - дейді қалалық прокуратура.
Күдікті бұрын да алаяқтық үшін жауапқа тартылған.
"Прокуратураның үйлестіруімен қолға түскен күдіктінің қолынан зардап шеккендердің барлығына Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз", - деп жазды Түрксіб ауданының прокуратурасы.