Ғұсман Қырғызбаевқа "капитан" әскери атағы мерзімінен бұрын берілді

Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағы берілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның сыңары Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті "капитан" әскери атағы мерзімінен бұрын берілді.
Ғұмар Қырғызбаев – Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы, аға жаттықтырушы.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды.
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды