Грант алғаннан кейін не істеу керек

Ұлттық бірыңғау тестілеуден аз балл жинап, грант ала алмаған жағдайда тегін оқуға түсуге де болады
Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі грант алғаннан кейін жоғары оқу орнына тапсырылатын құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Грант куәлігін grant.testcenter.kz https://grant.testcenter.kz/search сайтынан жүктеп алуға болады. Одан кейін 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжат тапсыру керек.
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар:
жеке куәлік;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
075/у нысанындағы медициналық анықтама;
ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда);
жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Айта кетері, ұлттық бірыңғау тестілеуден аз балл жинап, грант ала алмаған жағдайда тегін оқуға түсуге де болады. Бұған дейін
Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне хабарласып, ҰБТ нәтижесіне қарамай, тегін оқуға қалай түсуге болатынын жазған.
Министр Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерге қандай мүмкіндік берілетінін айтты