Еуразиялық экономикалық комиссияда бизнес үшін маңызды мәселелер талқыланды

ЕАЭО кеңістігіндегі кеден заңнамасы мен кедендік реттеу негізгі талқылау тақырыбына айналды
Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияда бизнес үшін маңызды мәселелер талқыланды.
Бұл ЕАЭО елдері Кеден кодексінің жекелеген нормалары мен ЕЭК шешімдерін біркелкі орындауға, бейіндік қызметтердің Одақ аумағында кедендік транзит мәселелері бойынша ортақ процесті жүзеге асыруға дайындығына қатысты.
Одақ аумағы арқылы өтетін кедендік транзитке қатысты талқыланып жатқан жеңілдіктердің бизнеске маңыздылығын асыра бағалау қиын, деді ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде, оның ішінде кеден арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру де бар.
"Біз қазіргі жаһандық экономикалық жағдайда сыртқы экономикалық қызметті жүргізуге байланысты кез келген сын-қатерлерге жедел ден қоюға дайынбыз және әрқашан өз бизнесімізді мүмкіндігінше қолдаймыз", - деп мәлімдеді Эльдар Әлішеров.
Отырысқа қатысушылар Кеден кодексінің бірқатар нормасы мен Комиссия актілерін жетілдіру бойынша одан әрі жұмыс жүргізуді қолдады.
Сонымен қатар кедендік транзит мәселелері бойынша жалпы ЕАЭО процесін жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды кеден қызметтерімен жандандыру туралы келісіп, кеден қызметтерінің Одақ заңнамасының жекелеген нормаларын жүзеге асырудағы тәсілдерін келісті.
Айта кету керек, ЕАЭО кеденінде электронды сауда саласындағы жаңа орган пайда болады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің парламенттері интернет-саудаға қатысты түзетулерді қарастыруда.
Электронды сауданы реттеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы хаттама интернет алаңдарында сатып алынған тауарларды жеке санатқа бөледі.
Кедендегі жаңа орган – электронды сауда операторы осы мәселелермен айналысады. Ол операцияларды логистикамен қамтамасыз етеді, сондай-ақ интернет алаңдар және кеден органдарымен өзара әрекеттеседі.