Астанада автобуспен тегін жүру тәртібіне өзгеріс енгізіледі

Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Астанада оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін виртуалды жол жүру карталары енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
CTS компаниясы таратқа мәліметке сәйкес, бұрынғы карталарды пайдалана беруге болады.
"Валидацияны телефонның көмегімен QR кодты сканерлеу, валидаторға тигізу және басқа да ыңғайлы тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша көлік карталарын алып жүрудің қажеті болмайды", - делінген ресми хабарламада.
Виртуалды картаны шығару және рәсімдеу онлайн жүзеге асырылады. Оны рәсімдеу үшін пайдаланушыларға арнайы кассаға барудың қажеті жоқ.
Виртуалды карталарды ресімдеу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ жобаны іске қосу мерзімі туралы толық ақпарат жақын арада CTS компаниясының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.