АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Астана және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасын жойды.
Астана және Алматыда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды
© Photo : ҰҚК баспасөз қызметі
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, қамауға алынды.
"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тәркіленген есірткінің құны "қара" нарықта 2 млрд теңгеден асуы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.