АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Жоғарғы Радада 25 жасқа дейінгі ер азаматтарды мобилизациялауға тыйым салатын заң жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп мәлімдеді Украина парламентінің ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің хатшысы Роман Костенко.
Депутат украиналық "Радио НВ"-ға берген сұхбатында мәлімдеме жасады, оның жазбасы басылымның Youtube каналында жарияланды.
"Қазір комитетте заң жобасы әзірленді, дүйсенбіде біз оны қарастырамыз. Бұл заң жобасында осы әскери міндеттілерді (18 бен 25 жас аралығындағы – ред.) шақыруға тыйым салу қарастырылады және егер мұндай адамдар осы кезеңде майданға кірген болса, олар үйіне қайтуға құқылы болады деген норма бар", – дейді Костенко.
Қазір Украина заңнамасы әскерде борышын өтеген немесе әскери кафедраны бітірген 25 жасқа дейінгі адамдарды Украина қарулы күштері қатарына жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Сәуірде Владимир Зеленский Украинадағы әскерге шақыру жасын 27 жастан 25 жасқа дейін төмендету туралы Заңға қол қойды.