АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанда 9 167,3 мың адам жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлады Алматы телеарнасы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Жалпы Қазақстанда 20 159 707 адам тұрады. Оның 9 млн-нан астамы жұмыспен қамтылған. Оның 51,9% ерлер болса, 48,1% – әйелдер.
Жас санаттары бойынша жұмысшылардың ең көбі 35-44 жас тобына тиесілі, яғни 2,5 млн астам адам.
Одан кейін 29-34 жас аралығындағы қызметкерлер, олардың саны 1,8 млн асады.
Қызметкерлердің жалпы санының 44%-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-нің техникалық немесе кәсіптік білімі бар.
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 76,2% жалдамалы жұмысшы болса, 23,8% — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Жалдамалы жұмысшылардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді, олардың саны 954,3 мыңға жетеді.
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өңірлер бөлінісіндегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 17,1%).
Сонымен қатар 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді.
452,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жұмыспен қамту деңгейі — 95,3 пайыз.