Министр Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерге қандай мүмкіндік берілетінін айтты

3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерді үміт үзбеуге шақырды.

"Гранталуға әлі де мүмкіндік бар. 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар. KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз", - деп жазды министр Телеграмдағы парақшасында.

Саясат Нұрбек сондай-ақ Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасы 500 грант беретінін атап өтті.
"Жұмыс берушілердің гранттары да бар. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады. Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі", - деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, ректорлардың грантын алуға болады, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр. Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.
Грант иегерлерінің тізімі жарияланды