Ресей мен Қазақстан әуе қатынасын дамытады

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 тамыз - Sputnik. Кездесу барысында Ресей мен Қазақстанның көлік министрлері Роман Старовойт пен Марат Қарабаев екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытитынын айтты, деп хабарлады қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу Мәскеуде қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында өтті. "Келіссөздер барысында дәстүрлі түрде екі елдің көлік кешенін дамыту мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Атап айтқанда, теміржол көлігі саласындағы белсенді жұмыс және екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға бағытталған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ келіссөздер барысында "Солтүстік-Оңтүстік" ККМ шығыс бағытын одан әрі дамыту, сондай-ақ Ресей порттары бағытындағы тасымалдарды дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша көлік ведомстволарының басшылары тығыз байланысты жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы учаскелерінде өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.