АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстанда көпқабатты үйлердің терезесінен құлайтын балалар саны артып келеді. Бұл туралы БҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мүсиев айтты.
"Көп жағдайда балалар үй жиһаздары арқылы терезеге шығып алады. Маса торына сүйеніп тұрып құлап кетеді. Соңғы үш жылда облыс аумағында балалардың ашық терезеден құлауы бойынша 24 жазатайым оқиға тіркелді. Оның ішінде: 2022 жылы — 8, 2023 жылы — 7, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 9 жағдай тіркелді, бір бала қайтыс болды ", - дейді Мусиев.
Ол балалардың терезеден құлап кетуінің негізгі себептері ересектердің балаларды бақыламауынан екенін айтты. Сондай-ақ терілелің қорғаныш торларының болмауы, үй жиһаздарының терезеге жақын қойылуы қауіпті күшейтіп тұр.
"Әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде 50-ге жуық терезе блокаторлары орнатылды. Әкімдіктер демеушілердің қолдауымен осы құлыптарды орнату мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы мемлекеттік органдармен бірлесіп салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің міндетті терезе блоктарының болуына тексеру жүргізілуде", - деді басқарма бастығы Өскеменде жер сілкінді