АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Конго президентін елорда әуежайынан шығарып салды
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Конго Республикасы президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.
Тоқаев Конго президентін елорда әуежайынан шығарып салды
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана
Бұған дейін Конго Республикасы президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;2.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;3.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;4.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;5.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;6.
"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;7.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "National Petroleum Company of the Republic of Congo" арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;8.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9.
"Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;10.
"MSSP GL" ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.