АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстаннң сыртқы істер министрлігі Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр.
"Бұл елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйден шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.
Ал төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл байланысқа шығу қажет.
ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:
+7 7172 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстанның Ливандағы елшілігінің байланыс нөмірлері:
+ 961 04 713 447 (кезекші)
+ 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)
+ 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp).