Фото

Қуаныш пен өкініш: спортшылардың Олимпиададағы эмоциялары - фото

Күш-жігері мықты адамдардың эмоциялары қандай болады? 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының жарқын және күлкілі сәттерін суреттер топтамасынан тамашалаңыз!
Sputnik
Жеңіске жеткізер жол кейде түзу, кейде соқпақ болғанмен, әрқашан жарқын, қуаныш пен өкінішке бірдей толы болады. Мұның барлығы түрлі эмоциялармен көрініс табады. Сондықтан Олимпиада спортшылардың жүзінен түрлі эмоцияны көруге болады!
Францияның бас қаласындағы Олимпиада ойындарында ең жылдам, ең күшті және ең ептілер бір-бірімен жарысып жатқан шақта спортшылардың жеңіс пен жеңіліс сәттеріндегі түрлі эмоцияларын тамашалауға болады. Олимпиада ойындарының тарихын камераның көмегімен сақтап қалатын әлемдік агенттік фотографтарының әсерлі кадрларын назарларыңызға ұсынамыз!
1 / 18

Жапония құрамасының мүшелері 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы көркем гимнастикадан алтын медаль жеңіп алғанына қуанып тұр.

2 / 18

Мысырлық Мұхамед Эльсаид 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден қола жүлдені жеңіп алғанына қуанғаннан жүгіріп бара жатыр.

3 / 18

Марокко құрамасының шабуылшысы Суфиан Рахими (сол жақта) 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында бірінші голды соққаннан кейінгі командасының жеңісін тойлап жатқанда тізерлеп отыр.

4 / 18

Венгриялық Лиза Пуштаи 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы қылышпен семсерлесуден жеке жарыстың 32-ші раундында италиялық Микела Баттистонды жеңгеніне қуанып тұр.

5 / 18

Польшалық Александра Ярекка (оң жақта) 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден командалық қола медаль жеңіп алғанына сене алмай жатыр.

6 / 18

Неміс Лукас Мартенс 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында 400 метрге жүзуден финалда жеңіске жеткен сәті.

7 / 18

Гонконгтық Чунг Ка Лонг 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында рапирамен семсерлесуден ерлер арасындағы жеке жарыстың финалында франциялық Энцо Лефортты жеңгеннен кейін қуанып тұр.

8 / 18

Франция құрамасы 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы 4х100 метрге еркін стильде жүзуден эстафетадағы жеңіске қуанып жатыр.

9 / 18

Швециялық Тара Бабулфат 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан командалық жарыстың қола жүлдесі үшін финалда қазақстандық Абиба Әбужақынованы жеңген сәт.

10 / 18

Қытайлық Лю Шэншу (сол жақта) мен Тан Нин 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында бадминтоннан топтық кезеңіндегі матчта жеңіске жеткен кез.

11 / 18

Британдық Томас Дэйли (сол жақта) мен Ноа Уильямс 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында биіктіктен 10 метрге синхрондалған секіруден күміс медаль жеңіп алғандарына қуанып тұр.

12 / 18

Сербтер Зорана Арунович (сол жақта) пен Дамир Микеч 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында 10 метрге пневматикалық тапаншадан атудан аралас командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған соң қуанып жатыр.

13 / 18

Өзбекстандық Абдумалик Халиков 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында бокстаг швециялық Небил Ибрахимді жеңгеніне сальто жасап қуанды.

14 / 18

Әзербайжан Хидайет Гейдаров 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан командалық жарыста франциялық Жоан-Бенжамен Габаны (оң жақта) жеңгеннен кейін қарсыласын маңдайынан сүйді.

15 / 18

Италиялық Томмазо Джанацца 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында су добынан жеңісіне қуанып тұр.

16 / 18

Франциялық Янник Борел 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында шпагамн семсерлесуден ерлер арасындағы жеке жарыстың 16-шы раундында жапон Кадзуясу Минобені жеңгеннен кейін эмоциясын шығарды.

17 / 18

Швейцариялық Джулия Деррон 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында триатлоннан әйелдер арасындағы жеке жарыстың финалында күміс медаль жеңіп алғанына қуанып тұр.

18 / 18

Испаниялық Фермин Лопес Франциядағы 2024 жылы Париждегі (Франция) жазғы Олимпиада ойындарында "Бордо" стадионында ерлер арасындағы футболдан С тобындағы матчтағы жеңіске қуанып тұр.