Флешкаға салынатын электронды цифрлық қолтаңба беру тоқтатылады

Азаматтардан жеке куәлік немесе паспорттың көшірмесін талап еткен қонақ үйлер немесе банктер жазаланады
Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстанда флешкаға салынатын электронды цифрлық қолтаңба беру тоқтатылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Елімізде қазақстандықтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға да тыйым салынды. Тыйым екінші деңгейлі банктердегі процестерге де қатысты.
Сонымен қатар қонақүйлерде немесе банктерде азаматтардың жеке куәлігі немесе төлқұжат көшірмесі сұралса, олар бұл үшін айыппұл төлейді, деп мәлімдеді Цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Ол файлды тасымалдағышта электронды цифрлық қолтаңбаны беруді ең қауіпті әдіс деп атады.
Қазақстанда ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) бұлтты қосымшаларда және токендерде, яғни ЭЦҚ-ны алуға болмайтын ажыратылмайтын тасымалдағыштарда шығару жоспарланып отыр.