Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 3-5 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропа аудандарынан біртіндеп антициклон келуіне байланысты жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +41°С дейін, оңтүстік-батыста +40+45°С дейін жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгерістер күтілмейді.