Шымкентте адам өлтірген қылмыскерлер Мәскеуде ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Шымкент полициясы ресейлік әріптестерімен бірлесіп, адам өлтіргені үшін айыпталған екі күдіктінің жүрген жерін анықтады. Екеуі де Мәскеу облысында ұсталды.
"Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5:00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, үш ер адамды битамен және темірмен ұрыпсоққан. Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Бітпеген жұмысқа миллиондап ақы төлеген: Қызылордада бірнеше шенеунік жауапқа тартылды