SCAT әуе компаниясы 20 рейстің кестесін өзгертуге мәжбүр болды

Астана әуежайының қызметкері SCAT Boeing 737 ұшағының фюзеляжына зақым келтірген
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Астана әуежайында SCAT әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағының фюзеляжын зақымданды, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы хабарлағандай, осыған байланысты 20 рейстің кестесін өзгертуге тура келді.

"Астана әуежайында әуе айлағының қызметкері SCAT Boeing 737 ұшағының фюзеляжына зақым келтіруіне байланысты әуе компаниясы 20 рейс бойынша ұшу кестесін өзгертуге мәжбүр болды", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жолаушыларды осы жағдайға түсіністікпен қарауды және SMS-хабарламаларға назар аударуды немесе SCAT.kz сайтынан рейс кестесін тексеруді сұрайды.