АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жасырын казинолар анықталды, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Комитет қызметкерлері, шекарашылар мен қаржы мониторингi агенттiгiнің мамандары орталықтың қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 бірдей жасырын казиноның жұмысын тоқтатты.
"2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 республика азаматы ұсталды. Тінту кезінде ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.