АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Ресей тарапы Киевтің де, Батыстың да бейбітшілікке деген саяси ниеті жоқ. Бұл туралы РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Андрей Настасин брифингте мәлім етті, деп хабарлады РИА Новости.
"Украинаның келіссөздерге дайындығына келетін болсақ, біз Киевте де, Батыста да бейбітшілікті қолдайтын саяси ниет жоқ екенін көріп отырмыз. Олар соғыс деңгейінде ғана ойлауды жалғастыруда. Өйткені олар Украинаның жеңілуінен қорқады, себебі бұл олардың ережелеріне негізделген әлемдік тәртіптің соңы болады", - деді Настасин.
Ол Владимир Зеленскийдің Ресеймен келіссөздерге тыйым салғанын еске түсірді.
"Киев режимі мен оның батыстық одақтастары үшінші елдердің сындарлы бейбіт бастамаларын елемейді", - деді Настасин.
Мәскеу келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет айтып келеді, бірақ Киев оларға заңнамалық деңгейде тыйым салды. Батыс Киевтің диалогтан үнемі бас тартатынын елемейді. Кремльде Украинадағы жағдай іс жүзінде және жаңа шындықты ескере отырып, бейбіт бағытқа ауысуы мүмкін екені айтылды, ал Мәскеудің барлық талаптары белгілі.