АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. ЕАЭО мен Куба тұтынушылардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және елдер арасындағы өзара іс-қимыл саласындағы халықаралық диалог жоғары деңгейде өтті, деп хабарлады ЕЭК санитарлық, фитосанитарлық және ветеринариялық шаралар департаменті.
"Семинар тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және экономикалық байланыстарды орнату саласындағы диалогты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты", - деді департамент директоры Наталья Жукова.
Куба делегациясының құрамында мемлекеттік органдардың, түрлі министрліктердің, сондай-ақ Кубаның Ресейдегі елшілігінің өкілдері болды. Бейнебайланыс арқылы ұлттық тұтыну нарығын реттеу тетіктері туралы айтты.
Өз кезегінде комиссия ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен жұмысының нәтижелерін ұсынды.
ЕАЭО елдері мен Куба арасындағы тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кепілі болып табылатын тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ алдағы өзара іс-қимыл жоспарлары нақтыланып, туризм, медицина және білім саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін қоса алғанда түрлі талқылау үшін жаңа тақырыптарды анықтады.