"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оралдық футбол клубын басқарған бұрынғы директордың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында "Ақжайық футбол клубы" ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпарат жарияланбай отыр.

Айта кетері, "Ақжайық" футбол клубын 2022 жылға дейін Азамат Шайхы басқарған. Сол жылы маусымның соңында өз еркімен қызметінен кетті. Ал 2023 жылы қыркүйек айында "Ақтөбе" футбол клубын басқаруға кірісті.