АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Таразда ерлі-зайыптылар арасында жаннжал шығып, екеуі де ажал құшты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаменті.
"54 жастағы ер адам жақында жазасын өтеу мекемесінен босап шыққан. Әйелімен тұрмыстық жанжал кезінде үйді өртеп жіберген. Келіншек алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды", - дейді ведомство.
Полицияның хабарлауынша, күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылған. Қазір сот медициналық сарапатамалар жасалып жатыр.