Тамызда Қазақстанға екі елдің президенті келеді

Конго мен Өзбекстан президенттері келеді
Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.
7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.
9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.