АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қонаев қаласында қоғамдық көлікте ер адам жолаушыны пышақтап кетті, деп хабарлайды Қонаев қалалық полиция басқармасы.
Оқиға 28 шілдеде болған.
"Қонаев қалалық полиция басқармасына сол жақ мойын және сол жақ бұғана астына бірнеше рет пышақ сұғылған 1983 жылы туған "М" есімді азамат Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама түсті", - дейді ведомство.
Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Күдікті қамауға алынды.