АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар министрлер аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.