"Қатты қапаландым": теннисші Елена Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жолдады

Sputnik
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Теннисші Елена Рыбакина қазақстандықтарға үндеу жолдады. Үндеуде ол қазақстандықтардан Олимпиада ой"ындарына қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады.
"Құрметті жанкүйерлер, Отандастар! Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаным өзегімді өртейді. Мен командамен бірге жарысқа барынша дайындалдым, өкінішке қарай, жарыс басталар алдында сырқатанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым қиындады, дәрігерлер маған кортқа шығуға тыйым салды", - деді спортшы.
Ол жақын арада кортқа оралатынын айтты.
"Барлық қазақстандық жанкүйерлерден үміттеріңізді ақтамағаным үшін кешірім сұраймын Бұл үшін қатты қапаландым, өйткені командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектендім және медальға қол жеткізгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медальға бір табан жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа ораламын деп үміттенемін", - деді қазақстандық теннисші бейнеүндеуінде.
Сондай-ақ тенисші стадиондарда Қазақстанның көк байрағын көргенде қуанатынын айтып ағынан жарылды.
Әлемнің қай түкпірінде ойнасам да, сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда елдің туын көргенде әрқашан қуанамын", - деді ол.
Айта кетері, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына денсаулығы қатысты қатыпрсайтынын айтып мәлімдеме жасаған еді. Бұл үшін қазақстандықтардың сынына ұшарады.