Денсаулық

Өкпе обыры көбейді: қазақстандықтар скринингтен тегін өте алады

Sputnik
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Өкпедегі қатерлі ісікті анықтау үшін барлық онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкология орталықтары барлық ниет білдірушілерді өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған ашық есік күндеріне шақырады", - деп жазды ведомство.
Іс-шара жыл сайын 1 тамыз дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған.
Бұл күні келушілер онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өте алады.
"Өкпе обыры – Қазақстандағы ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Жыл сайын шамамен 3500 жаңа жағдай анықталады. Бұл аурудың негізгі себебі темекі шегу, бұл барлық жағдайлардың шамамен 90%-ін құрайды", - дейді министрлік.
Қазақстандық онкологтар 45 пен 69 жас аралығындағы темекі шегушілерге жыл сайын өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан өтуге кеңес береді.