"Астана" қаржы орталығы елімізге 12 млрд доллар инвестиция тартқан

Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ренат Бектұров орталықтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарын таныстырды.
Токаев заслушал отчет управляющего Международным финансовым центром "Астана"
Айтуынша, бүгінде қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Бұл 2025 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен асады.
Қаржы орталығы құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 29,8 миллиард теңгесі осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен.
Ренат Бектұров қаржы орталығына қатысушылар санының артуы мен компаниялар қызметінің жандануы салық түсімдерінің ұлғаюына негізгі себеп болып отырғанын атап өтті.
2024 жылдың алғашқы алты айында орталыққа 500-ден астам компания қосылған. Бұл қатысушылардың жалпы санын 3 мыңға дейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай ықпал етті.
Биылғы екінші тоқсанның соңындағы есеп бойынша АХҚО юрисдикциясындағы компаниялар 7600-ден астам жұмыс орнын ашты.
Орталық басшысы президентке биыл 5-6 қыркүйекте болатын дәстүрлі Astana Finance Days 2024 шарасына дайындық барысын баяндады.
Президент қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, ел экономикасына инвестиция тарту үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, барлық мемлекеттік орган мен қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.