Техникалық регламенттерді бағалау ЕАЭО-ның үлкен жетістігі деп аталды

Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Техникалық регламенттер мен оларға қойылатын стандарттарды міндетті түрде бағалау ЕАЭО-ның үлкен жетістігі деп аталды.
Мемлекеттік органдар басшылары кеңесінің отырысында стандарттау саласын дамыту мәселелері басты талқыланды.
Тараптар негізгі мақсаты тиімділікті арттыру болып табылатын техникалық реттеу және стандарттау саласындағы қолданыстағы құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы пікір алмасты.
Кеңес мүшелері ғылыми-техникалық деңгейге міндетті мерзімдік бағалау жүргізудің қабылданған Тәртібінің, күшіне енген техникалық регламенттер меноларға арналған стандарттар тізбелерінің жоғары маңыздылығын атады, сондай-ақ осындай бағалауды тәжірибе жүзінде іске асыру тиімділігін арттыру бойынша одан әрі жұмысты қолдады, деп хабарлады ЕЭК.
"Бұл үлкен жетістік. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны басшылыққа ала отырып, мұндай бағалау нәтижелерін іс жүзінде жүзеге асыруға болады. Дегенмен, техникалық ерекшеліктерді бағалаудың өзектілігін сақтау үшін техникалық регламенттерге және стандарттар тізбелеріне өзгерістер енгізу рәсімдерін оңтайландыру туралы ойлану маңызды", - деді ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
ЕАЭО техникалық регламенттері стандарттарының тізбелеріне енгізу жоспарланған мемлекетаралық стандарттарды бір мезгілде енгізудің нақты тетігі болуы техникалық регламенттер талаптарының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуге көмектеседі және ықтимал олқылықтардың алдын алады.
Техникалық реттеу – интеграцияның негізгі бағыттарының бірі. Өнімнің қауіпсіздігі, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша қамқорлық. Стандарттар мен регламенттерді қолдану аясы кең. Техникалық регламенттерді нормаларға сәйкестендіру ЕАЭО аясындағы маңызды және қажетті қадам болып табылады.