Татуластыру рәсімін қолдану көрсеткіші артты: Тоқаев жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Ол сот жүйесін цифрландыру жұмысы жүзеге асырылып жатқанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Асламбек Мерғалиев сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берді.
Ол сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндады.
Айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.
Кездесу соңында мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.