АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан 21 жастағы қазақстандық боксшы Азия Ойындарының финалисі, тайпейлік Лай Чу Енді тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді.
Еске сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын.
Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.