Мәскеуде "Астананың мәдениет күндері" өтеді

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Ресейдің бас қаласында елдер арасындағы астанаралық байланыстың жалғасы болатын фестиваль өтеді
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Ресейдің бас қаласында "Мәскеудегі Астананың мәдениет күндері" фестивалі өтеді.
Ол Қазақстан мен Ресей астаналары арасындағы байланыстың жалғасы болады.
Фестивальдің ұйымдастырушылары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметі.
31 шілде мен 2 тамыз аралығында мәскеуліктер мен Ресей астанасының қонақтары бірқатар іс-шараларды тамашалайды:
31 шілде
Мәскеудегі "Драма өнері мектебі" театрында "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі.
Белгілі қазақ жазушысы, театр сыншысы және драматург Ғабит Мүсіреповтің қазақтың "Қыз Жібек" поэмасы негізінде жазылған либреттосы.
1 тамыз
Астана музыкалық жас көрермендер театрының "Гауһартас" музыкалық драмасы.
Авторы – белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков.
2 тамыз
Люблин саябағында "Астана – менің махаббатым" атты фотокөрменің ашылуы, онда Қазақстан елордасының ең көрнекті нысандары бейнеленген дарынды қазақстандық фотографтардың жұмыстары таныстырылады.
"Мәскеудегі Астананың мәдениет күндері" бағдарламасы Мәскеу халықаралық музыка үйінде өтетін "Астана өнер шеберлерінің гала-концертімен" аяқталады.
Атақты қазақстандық және ресейлік вокалды-аспаптық шығармаларды халық әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі және халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаттары Роза Рымбаева мен Нұржамал Үсенбаева орындайды.
"Мәскеудегі Астананың мәдениет күндері" фестивалі Ресей астанасының мәдени өміріндегі көрнекті оқиға болады және ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосады", - деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Бұған дейін Мәскеу үкіметі жаңа 2024 жыл қарсаңында астаналықтарға үлкен мәдени бағдарлама ұсынған болатын. Сондықтан бұл Қазақстан астанасы өкілдерінің осы бағдарламаға жауап ретінде сапары болады.
"Мәскеу мәдениет күндері" фестивалінде ұйымдастырылған ауқымды концерт ешкімді бей-жай қалдырмады.
Алдағы "Мәскеудегі Астананың мәдениет күндері" фестивалі ресейлік-қазақстандық мәдени ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосады, деп сенеді ұйымдастырушылар.