АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бұрынғы басшысының атынан жалған хабарлама таратылғанын ескертті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Құрметті елорда тұрғындары! WhatsApp мессенджерінде әкімдіктің баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы атынан көрсетілген нөмір бойынша қала әкімімен байланысқа шығу туралы жалған хабарлама жіберіліп жатыр. Өтініш, мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер және күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар. Бұл істі интернет-алаяқтар жасағаны анық, сақ болыңыз!" - делінген хабарламада.