АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Алматыда "Graff" тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, ғимарат "Ерменсай" шағын ауданындағы үш жер телімінде рұқсатсыз салынған.
"2023 жылдың 20 қаңтарында қала құрылысын бақылау басқармасы заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарған. Бірақ тапсырыс беруші талаптарды орындамаған. 24 шілдеде сот басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талабын қанағаттандырды. Апелляциялық сот 19 қазандағы шешімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.
Нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.
Алматыда былтыр жыл басынан бері 40 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KHAN", "Алма Гарден" тұрғын үй кешені және тағы да басқа ғимараттар толық немесе жартылай бұзылды.