Алматыда зейнеткерлерді өлтіріп, үйімен өртеп жіберген күдікті ұсталды

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Алматыда жанып кеткен үйдің ішінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үйден табылған екі адам да зейнеткер. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамды өлтірген. Одан кейін үйді өрттеп жіберген. Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған. Басқа да мән-жайлар анықталуда", - дейді полицейлер.
Оқиға
Қарағандыда зейнеткер әйелдің мәйіті табылды