АЛМАТЫ, 29 шілде - Sputnik. Жуырда TikTok желісіне мониторинг жасау барысында Т.Рысқұлов ауданында үйлену тойының алдында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін өрескел бұзған жастар тобы анықталды.
Бейнежазбадағы Audi S4, LADA 2107, Volkswagen Golf, Mitsubishi Pajero және LADA-2115 көліктерінің иелеріне апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан. Оларға мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзу, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау, басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті заң бұзушылықтарды байқаған жағдайда "102" арнасына хабарлауды еске салады. Барлық хабарлама бойынша дер кезінде қажетті шаралар қабылданады.