СҚ-Фармация басшысы тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Еркен Исаханұлы Жақатай "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Еркен Жақатай 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Автоматика және басқару жүйесі" мамандығы бойынша бітірген. Одан "Қаржы және несие" мамандығы бойынша Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (2001 ж.) білім алды.
Мемлекеттік (ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі), квазимемлекеттік ("Қазына" Тұрақты даму қорының "Даму "Қоры" АҚ, ҚР "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінде) және жеке секторда 30 жылдан астам басшылық қызмет атқарды.
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке секторда жұмыс істеді.