Ресейде вагондар рельстен шығып кетті: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Sputnik
АСТАНА, 29 шілде - Sputnik. Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен болатын. ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.
"Зардап шеккендер арасында азаматтарымыз жоқ", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі рельске шығып кетіп, машинист пойызды шұғыл тежеуге мәжбүр болды. Қазан-Адлер бағытындағы пойыздың 8 вагоны рельстен шығып кетті.
"Апат салдарын жоюға 320-дан астам адам мен 100 техника, екі Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады Ресейдің ТЖМ.
Жүк көлігінің жүргізушісін қосқанда 20-дан астам адам зардап шекті.