Нью-Делиде ерекше сән-салтанаты мен шығыстық тамашалығымен, әшекейлердің, ою-өрнектердің, шілтер мен кестелердің көптігімен, маталардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін сән көрсетілімі өтті.
Үндістанның беделді дизайнерлері өз еліне және бүкіл әлемге үнді халқының дәстүрлері мен бояуларын заманауи трендтермен етене байланыстыра ерекше шеберліктері мен дарындарын тағы бір рет көрсетті.
FDCI - 1998 жылы желтоқсанда Үндістанда сән бизнесін ілгерілету үшін құрылған сән дизайнерлерінің тәуелсіз қауымдастығы. Қазіргі уақытта ұйымның кеңсесі Нью-Делиде орналасқан.