Ғұсман Қырғызбаев - Париж олимпиадасының қола жүлдегері

Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта Париж Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошыдан айласын асырып, қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз жартылай финалда 24 жастағы бразилиялық дзюдошы Виллиан Лимадан ұтылып қалды.
Еске сала кетсек, Қырғызбаев алғашқы айналымда испаниялық татами шебері Давид Гарсия Торнемен белдесіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырса, екінші белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан айласын асырып, ширек финалға шықты.
Ан Баул Рио Олимпиадасында күміс, Токиода қола медальға қол жеткізген.
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 және 2022 жылдары өткен Азия біріншіліктерінің қола медаль иегері.
Спорт
Париж олимпиадасы: Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты