Бір аптада арзандаған азық-түліктің тізімі жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Үкімет өткен аптада азық-түліктің 8 түрі арзандағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, нан, сүт, сүзбе, сиыр еті және тұз бағасының орташа индексі тұрақты. Арзандаған тауарлар:
жұмыртқа-0,7%;
айран – 0,5%;
сары май және қарақұмық жармасы – 0,4%;
күріш пен ұн – 0,2%;
қант пен рожки – 0,1%;
Алматы қаласы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Жетісу облыстарында баға тұрақты, ал Ұлытау, Шымкент, Павлодар, Атырау, Ақмола мен Түркістан облыстарында бағаның төмендеуі байқалады.
Маусымаралық кезеңде әлеуметтік көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін өңірлерде 137,9 мың тоннаға келісімшарттар жасалды.
"Сәбіз бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация келісімшарттары 22,1 мың тоннаны құрайды, бұл ұсынылатын қажеттілік көлемінің 115%-ы, пияз бойынша - 24,2 мың тонна (қажеттіліктің 169%), картоп бойынша - 74,3 мың тонна (94%), қырыққабат бойынша - 17,1 мың тоннаға (85%) келісім-шарт жасалды",- дейді вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.