Фото

BigPicture 2024 байқауының жеңімпаздары анықталды – фото

Жабайы табиғатты бейнелейтін керемет суреттерді топтамадан көріңіздер
Sputnik
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген фотографтар Жердегі тіршіліктің қандай болатынын көрсетті: олардың жұмыстары үздік деп танылып, беделді BigPicture Natural World Photography 2024 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
The BigPicture байқауына 70 елдің фотографтары қатысты. Бұл байқау осымен 11-ші рет өткізілді. Қатысушылардың жұмыстары өте әсерлі шығып, планетамыз бен ондағы барлық тіршілікті қорғауды қаншалықты қажет ететінін айнытпай көрсетті.
The BigPicture байқауының ұйымдастырушылары сурет арқылы адамдарды Жердегі тіршіліктің алуан түрлілігін бағалауға және қорғауға шабыттандыруды мақсат етеді.
1 / 11

Австралия фотографы Джорджина Стейтлер түсірген сурет байқау финалистерінің бірі болды. "Өрмекші орхидеяларының маршы" деп аталатын суретте жаңбырлы пейзаж бен су астында өсіп тұрған өрмекші орхидеялар бейнеленген.

2 / 11

Америкалық Кэтлин Боршаниан түсірген "Күн астындағы сәт" атты суретте Прибылов аралындағы күн сәулесіне бетін тосып отырған ақ түлкі бейнеленген.

3 / 11

Испания фотографы Хайме Рохо түсірген "Монархтар орманы" атты сурет байқаудың бас жүлдесін иеленді. Суретте қоныс аудару кезінде орман алқабындағы ағаштарды жаппай басып қалған монарх көбелектер бейнеленген.

4 / 11

Мексикалық Альваро Эрреро түсірген "Шарасыз" атты суретте арқан жіп пен қалтқыға оралған бүкір кит бейнеленген. Автор осы сурет арқылы адам баласының мұхит пен ондағы тіршілік иелеріне келтіріп жатқан залалын көресткісі келді.

5 / 11

Канадалық Шейн Гросс түсірген "Бақашабақтар миграциясы" атты сурет "Судағы тіршілік" номинациясында жеңді.

6 / 11

Швейцариялық Франко Банфи түсірген "Су астындағы тыныштық пен дүрбелең" деген суретте солтүстік тұмсықтылары қорек табу үшін су астына сүңгіп жатқаны бейнеленген.

7 / 11

Америкалық Мэдди Рифка түсірген "Жақсы от" атты суретте жергілікті байырғы үндіс тайпалары бақылайтын Калифорниядағы өрт бейнеленген.

8 / 11

Үндістан фотографы Хеме Палан "Тар шөлінің сұлулығы" атты суретінде өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын құм жыланын түнгі уақытта бұтаға оралып тұрған кезінде түсіріп үлгерген.

9 / 11

Жапония фотографы Казуаки Косеки түсірген "Жұлдызды тозаң орманы" атты суретте түнгі уақытта ағаштар арасындағы жарық қоңыздар бейнеленген.

10 / 11

Канадалық Питер Мазер түсірген "Солтүстік елестері" атты суретте аязда қатып қалған бұғы жанында бір сәтке ғана тоқтаған ақ түлкі бейнеленген.

11 / 11

Оңтүстік Африка фотографы Гео Клоэте түсірген суретте тамақтану үшін иілмелі қармауыштарын шығаратын теңіз омыртқасыздары бейнеленген. Бұл құбылыс теңіз жағасы түрлі-түсті реңке бояйды.