Атырауда тыйым салынған діни кітаптарды таратқан тұрғын ұсталды - видео

Күдікті әлеуметтік желіде діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Атырау облысының тұрғыны тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды таратқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полицияның хабарлауынша, әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғыны қолға түсті.
Күдіктінің уақытша мекен-жайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, т.б. заттар тәркіленді.
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.