АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеровтің Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Ержан Біржановпен, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшіковамен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевпен кездесуінде кедендік реттеу мәселелері талқыланды.
Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсырмасына сәйкес тауарлардың кедендік құнын бақылау саласындағы тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілдемелерін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті бақылауды қамтамасыз ету бойынша ден қою шараларын қолдану жөнінде жүргізетін жұмыс бағыттары қаралды.
Кездесу барысында сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтегі электрондық сауданы дамыту перспективаларын, ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізуді қоса, кедендік ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.